«Менің отбасым»

Міне, осындай тақырыпта облыстық білім басқармасы мен балаларға қосымша білім беретін оқу-әдістемелік орталығы өңірдегі  білім беру ұйымдары арасында сырттай кино, бейнеролик байқауын өткізді. отбасым 1Кино, бейнероликтердің тақырыбы: «Руымның шежiре ағашы», «Туған өлкем, мақтанышым», «Соғыс жылдарындағы менің отбасым», «Отбасымның дәстүрі», «Отбасылық мереке» деп аталды. Байқауға Лисаков, Қостанай қалалары мен Алтынсарин, Қамысты, Меңдіқара, Ұзынкөл, Қостанай, Сарыкөл, Жанкелдин, Жітіқара, Науырзым, Қарасу, Федоров, Қарабалық, Таран, Әулиекөл, аудандарынан  қырык екі жұмыс түсті.  Осы жұмыстарда негізінен өз халқының, отбасының, туған өлкесінің тарихы туралы баяндалып, елі мен жеріне деген патриоттық сезімін, қызығушылығын ояту секілді қасиеттер бірінші орынға қойылған-ды.  Келіп түскен жұмыстар ішінен үздігін таңдап алу да оңайға түскен жоқ. Дегенмен қазылар алқасы Кәкімжан Сәруардің қысқаметражды «Боранды түнде» атты фильмін жоғары бағалап, оның қызықты, ерекше, баурап әкететін сюжетті екендігін, басты рөлді фильмнің авторы әртістік шеберлікпен орындап шыққанын атап өтті.
Сонымен байқаудың қорытындысы бойынша  бірінші орын Сәруар Кәкімжанға (Жанкелдин ауданы  А. Нұрманов атындағы негізгі мектебі), екінші орын Сүлейман Мақсұтовқа(Қостанай қаласы, физико-математикалық лицейі), үшінші орын Максим Шевченкоға (Қостанай қаласы, №8 орта мектебі) берілді. Байқау­дың жеңімпаздары және жүлдегерлері облыстық білім басқармасының грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
Гүлназым САҒИТОВА
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓