Алты бірдей жүлде жеңіп алды
Қостанайдағы НЗМ мектеп оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында алты жүлде жеңіп алды.
2021 жылдың 9 – 12 ақпан аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі бойынша мектебіміздің оқушылары: үш – 1 орын, бір – 2 орын және екеуі – 3 орынға иеленді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының мәліметі бойынша, байқаудың қорытынды кезеңінде 750 жас зерттеушілердің авторлығымен 576 ғылыми жоба ұсынылды.
Конкурстың қазылар алқасының шешімімен ҚР БҒМ I дәрежелі дипломдары және алтын медальдармен келесі оқушылар марапатталды:
– Арилана Нұғманова. Зерттеу тақырыбы: «(p-1)/p (p-жай сандар) түріндегі бөлшектерді жіктеу» – ғылыми жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі Ж.Маженова;
– Әділ Зұлқарнаев және Дарина Тельгарина. Зерттеу тақырыбы: «Производство строительной замазки из использованной жевательной резинки» – ғылыми жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Н.Науменко.
II дәрежелі дипломмен және күміс медалімен Асқар Хайсин марапатталды. Зерттеу тақырыбы: «Philanthropy in the works of M.Auezov "The Path of Abai" and Ch. Dickens "David Copperfield» – ғылыми жетекшісі, ағылшын тілі мұғалімі Р.Ташенова.
ІІІ дәрежелі дипломдары және қола медальдармен Илья Карплюк және Денис Сон марапатталды. Зерттеу тақырыбы: «Устройство чтения электронных книг для слабовидящих» – ғылыми жетекшілері, информатика пәні мұғалімдері А.Кеклис, А.Нұрмағамбетов.