Қазақстан – туберкулезден азат ел!

Міне, осындай ұранмен елімізде туберкулезбен күрес айлығы басталды. Ақпанның  23-нен басталған бұл шара                 24 наурызға дейін жалғасатын болады.IMG_7640
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары да облыстық денсаулық сақтау басқармасымен және туберкулезге қарсы күрес диспансерімен бірігіп түрлі шаралар өткізуді бастап кетті. Облыстық статистика басқармасының ғимаратында өткен акция барысында да қаламыздағы №1 емхана мамандары қатысушыларға туберкулез ауруы, оның алдын алу, емделу жолдары туралы кеңестер беріп, тегін брошюралар таратты.
– Елімізде қолға алынған "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы аясында қолға алынып жатқан жұ-мыстар аз емес. Бағдарлама аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде  елімізде соңғы жылдары өкпе ауруының көрсеткіші де едәуір төмендеп, өлім-жітім де 20,8 пайызға азайып отыр. Сондай-ақ, скринингтік тексерулер де өз нәтижесін беруде, осының арқасында науқастардың 70 пайызынан дертті ерте анықтау мүмкін болды. Айлықтың да басты мақсаты – аурудың алдын алу, – дейді облыстық  салауатты өмір салтын қалыптастыру       проблемалары орталығының маманы Рабиға Наукенова.
 
Қарлығаш      ОСПАНОВА

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓