Жаңа деректермен толықты
Облыстық ТЖД мұражайында еліміздің тұңғыш өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіровке және Алматыда өтіп жатқан өрт құтқару спорты бойынша Х-шы әлем чемпионатына арналған экспозицияның ашылуы болды.
Алматыда өтіп жатқан өрт-құтқару спорты бойынша Х-шы әлем чемпионатынан түсірілген фотолар мен жазылған материалдар облыстық департаменттің мұражайына естелік ретінде қойылды.
Департамент бастығы Т.Кә-кімов генерал С.Әубәкіровтің өмір жолына тоқталды:
– 1985 жылдан бастап қарапайым өрт сөндірушіден бастап, өртке қарсы қызмет төрағасына дейін көтерілді. Жалпы өртке қарсы қызмет саласына қосқан үлесі көп. Еліміздегі нормативтік-құқықтық базаны жаңартуға қатысты. Отан алдында оның еңбегі жоғары бағаланып, 2011 жылдың 5 мамырында Елбасының Жарлығымен С.Әубәкіровке өртке қарсы қызмет генерал-майор атағы берілді. Барлығымыз Серік Ғабдулұлын үлгі тұтамыз, – деді Т.Кәкімов.
Облыстық ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.