Жаңа Кодекстегі өзгерістер

Жақында Жанкелдин аудандық сотының төрағасы С.Таженов сот төрелігін  жүзеге асырудың қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді. Басқосу кезінде С.Жүнісханұлы өткен жылы Жанкелдин аудандық сотында атқарылған жұмыстарына қысқаша шолу жасап, сот жүйесіне енген бірқатар өзгерістерге тоқталды.  Сондай-ақ биылғы жылы қолданысқа енген Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерінің жаңадан өзгерген кейбір баптарына түсінік берді. DSCF1979
Сонымен қатар сот төрағасы сот отырысының ашық және жария-лы түрде өтетіндігін және барлық сот процестері аудио-бейне таспаға басылатыны жайлы хабардар етті. Брифинг барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілетінін айтты.
Сот төрағасы медиация тәртібі мен бітімгершілікке келу тәртібін халыққа түсіндіріп, әлі де насихаттау жұмыстарын жүргізу керек, деді. Сонымен қатар, алдағы уақытта да халық және БАҚ өкілдері арасында осындай сот жұмыстарының нәтижесін көрсететін іс-шаралардың өтіп тұратынын жеткізді.
 
Балнұр  ШҮЛЕНОВА.
Жанкелдин ауданы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓