Киікті заңсыз аулаушылар азайып келеді
Қостанай облысында "Киік" акциясы өтіп жатыр. Оның мақсаты – киіктерді заңсыз аулауды болдырмау және қаскөйлердің жолын кесу. Осыған байланысты құзырлы органдар қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар құрылды, олардың арасында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы, полиция департаменті мамандары бар.
– Жыл басынан бері өңірде киіктерді заңсыз аулаудың 4 фактісі тіркелді, олардың үшеуі бойынша кінәлілер анықталып, ҚР ҚК сәйкес жазаланды, – деп атап өтті Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының м.а. Хилимхан Молдағұлов.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ол 2019 жылы киіктерді заңсыз аулаудың 9 жағдайы тіркелгенін хабарлады.