Есірткімен ұсталды

Полицейлер "Допинг" жедел-алдын алу шарасының барысында есірткі өткізудің 5 фактісін, ірі мөлшерде есірткі сақтаудың 3 және есірткі контрабандасының 3 фактісін анықтады. Есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты      11 қылмыстық іс қозғалды.наркотики
Рудный қаласында есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері бір пәтерде 53 жастағы ер адамды ұстады. Оның пәтерінен 7 қалташаға салынған героин табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2,32 грамды құрады.
"Қайрақ" шекара бекетінде полицейлер шекарашылармен бірге "Вольво" жеңіл машинасын тексеру кезінде темекі қорабына салынған марихуананы тауып алды. Сондай-ақ медициналық мекемелерде тексерулер жүргізіліп, заң бұзудың үш фактісі белгілі болды. 
                                  

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓