Жат ағымдарға жол жоқ
Қала әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық – насихат тобы кезекті жұмыс сапарында "Іскер – Арқалық" ЖШС – де болып, коммуналдық кәсіпорынның жұмысшыларымен жүздесті.
Кездесу барысында топ мүшелері қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Айтмағанбетова, мұхтасиф Әлмұхамед молла атындағы Арқалық қалалық мешітінің наиб имамы Н. Асанұлы, теолог Ә. Нұғмановтар жат ағымдардың қоғамға келтіретін залалдарын айтып, түсіндірді.
Елімізде наным – сенімге, діни ұстанымдарға шек қойылмайды. Алайда бұл ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі діндерден безіп, жат ағымдардың жетегінде кету деген сөз емес. Ел ішіне іріткі салатын жымысқы әрекеттерге еркіндік берілмейді.
Осылайша келелі кеңес берген ақпараттық топ мүшелері жат құбылыстар байқала қалған жағдайда 114 қауырт желісінің жұмыс істейтінін еске салды.
Мұрат Жүнісұлы
Суретті түсірген автор
Арқалық қаласы.