Электрондық хабарлама талондар

Бүгінде әр адамның өз үйінен шықпай-ақ, мемлекеттік органдардың кабинеттерінің табалдырықтарын аттамай-ақ, қылмыс  туралы хабарламаларды, арыздарды және шағымдарды қарау мәселесі бойынша ақпарат алуға ыңғайлы мүмкіндігі бар.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің азаматтарға ақпараттық қызмет көрсетуді жақсарту және прокурорлық қадағалауды күшейту мақсатында "Қылмыс туралы өтініштерді, хабарламаларды және шағымдарды электронды тіркеу" және "Элек-тронды хабарлама-талон" инновациялық жобалары іске асырылып, нақты нәтижелер көрсетуде.
Жобалар құқықтық статистиканы объективті қалыптастыру, қылмыс туралы өтініштерді, хабарламаларды және арыздарды жедел қарастыруда айтарлықтай үлес қосты.
"Электронды талон" жобасы есепке алу-тіркеу тәртібін жақсартуға бағытталған. Қылмыс туралы хабарламалармен шағымдануда құқық қорғау органдарының кезекші бөлімдері электрондық ӨАЕАК тіркейді, бұдан кейін 14 санды реттік нөмірі бар хабарлама-талонды қабылдағаны туралы расстайтын құжат ретінде беріледі.
Енді, азаматтар Ғаламтор жүйесі, SMS-хабарлама және саll-орталықтары арқылы 1012 қысқа нөміріне электронды хабарлама-талонның 14 санды нөмірін жіберіп,арыздарына қабылдаған шешімдері жөнінде біле алады.
Әр хабарлама-талонда SMS арқылы ақпаратты алу тәртібі нақ-ты көрсетілген нұсқаулық бар, бұдан тағы Сіздің арызыңызды қарау нәтижесі туралы кеңейтілген ақпаратты "service.pravstat.kz" мекен-жайы бойынша электронды портал арқылы біле аласыз.
Мысалы, 2014 жылдың өткен мерзімінде Қостанай қаласы ішкі істер басқармасына шағымданған азаматтарға 7000-нан артық хабарлама-талон берілді.
Сондай-ақ, ғаламтор арқылы "Қылмыстар мен оқиғалар жөнінде арыздар мен хабарламалар беретін электрондық портал" бар.
Арызды беру және оның нәтижесін білу үшін ғаламтор арқылы арызды "service.pravstat.kz" мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің порталы арқылы ішкі істер органдарына бірден жіберуге болады.
Электронды арызды беру – бұл оның қаралу мерзімін және тәртібін дистанциондық түрде бақылауға және есептен жасыруға мүмкіндік бермейді.
Бұл жоба республикалық 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілген міндеттерге сәйкес әр азаматтың жаңа ақпараттық технология арқылы шағымдану құқығын бұзу және жазадан жалтаруды болдырмауға оң ықпал етуде.
Е.Жұмағұлов,
Қостанай қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықтарды қадағалау бойынша аға прокуроры,1 сыныпты заңгер.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓