Әскери және несиелік борыш

Мәжіліс депутаты әскерге шақырылғандардың несиесін уақытша тоқтатуды ұсынды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. unnamedҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Юрий Тимощенконың айтуынша, несиесі болғандықтан, әскерге шақырылушылар Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүр.
«Салдарынан сарбаздың несиесі оның жақындарына салмақ болып түседі және сарбаздың психоэмоциялық жай-күйіне ықпал етеді. Сондықтан, әскери қызмет уақытында несие төлемін және өсімін уақытша тоқтатуды ұсынамыз», – деді депутат ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында.
Қазіргі уақытта әскердегі сарбаздардың несиесін ата-анасы төлеуге мәжбүр, төленбеген жағдайда банк өсімпұлы қосылып жатыр.
«Үкіметке әскери қызмет кезінде несиені уақытша тоқтату туралы ұсыным жібердік. Бизнестің бұл ұсынысты қалай қабылдайтынын білмейміз, бірақ мұндай қадамды жасау қажет», – деді Ю. Тимощенко.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓