“Ауылым – менің жұмағым”

Фотобайқау әлі жалғасын табуда. Оқырмандарымыздың тарапынан материалдар көптеп түсіп жатыр. Мүмкіндігінше жарыққа шығарудамыз. Кезекті кейіпкер әрі жеңістен үміткер – кішкентай ғана Аделя есімді қостанайлық тұрғын. Бейсекеевтер отбасының көзқуанышы. Суреттерді жолдаған Айка Салпенова есімді желі тұтынушысының жазбасын бірге оқып көрейікші:

"Сәлеметсіздер ме, «Қостанай таңы» редакциясының ұжымы! Сіздердің газеттеріңіздің әр шығарылымын жіберместен оқитын оқырмандарыңыздың бірі боламын. «Ауылым – менің жұмағым!» фотобайқауын жариялағаннан бері Сіздерге өзімнің кішкентай кіндік балам Аделяның фотоларын жіберуді ойлап жүрген едім. Міне, бүгін сәл қолым босап, сол ойымды жүзеге асырып отырмын.

Суретте Бейсекеевтер отбасының тұңғышы, өзінің тәп-тәтті қылықтарымен сүйсіндіретін Аделямыз – Қостанай қаласының кішкентай тұрғыны. Жаз мезгілінде Денисов ауылындағы нағашыларына барғанды ұнатады. Биылғы жазда да сол ауылда болып келген еді. Міне, мына кадрлерде – сонау сәттердегі көріністер. «Қостанай таңы» газетінің бетінен бұл фотоларды көремін деп үміттенемін. Алдын ала рахмет! Қызметтеріңізге табыс тілеймін!", – дейді байқауымыздың қатысушысы. Әрине, әуелгі кезекте, үмітінің ақталарына сендіріп қойғымыз келеді. 

Ал, енді суреттер қандай сыр шертеді екен? "Сөйлесіп" көрсек:

Балапандар арасында – балапанаделя

Ұйқы шіркін орын таңдамайды екен ғой…адель

Мен істейтін жұмыс көп: гүлдерге су құю және…адел

велосипедтті де жөндеп қою қажет…

аКелесі нысан – құрылыс алаңыаде

Атысымен жазғы ақ таң,
Ең ғажабы – қаз баққан!
ад

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓