Шебердің қолы ортақ

 
Қазақтың зергерлік өнері – тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің көрнекті саласы. Зергер болу киелі де қасиетті өнер саналған. Оған ең алдымен табиғаттан дарыған тума талант керек. Екіншіден, ол – атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, тарихи болмыс-бітімімен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп. Зергерлердің аса көп жасайтыны – әйелдердің әшекей бұйымдары. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан. Інжу-маржан қадалған тамақшалар – қыздар жиі тағатын бұйымдар болса, кеудеге тағылатын әшекейлер қатарына түрлі-түсті, сәнді түйреуіштерді, асыл тасты тұмарларды, небір қымбат тастармен безендірілген таналар мен күмістен соғылған түймелерді, ілгешектерді жатқызуға болады. Осындай қыз-келіншектердің сән-салтанатына айналған зергерлік бұйымдар халқымызбен бірге ілесіп көне заманнан келе жатқаны ақиқат. Дәстүрлі зергерлік өнерде шеберлер әр түрлі құрал-саймандарды өздері жасап пайдаланған болса, бүгінгі біздің әңгімелегелі отырған хас шеберіміз әкеден қалған сақина қысатын теса мен егеу арқылы әшекей бұйымдардың түрлісін жасап шығаратын зергер Берік Батырбеков жайында болмақ.
 Берік Дерібсалдыұлы 1967 жылдың сәуір айының 22-жұлдызында Қарасу ауылында дүниеге келген. Көп балалы отбасынан шыққан. Әкесі Дерібсалды шебер, ұста адам болған екен. Сол кісінің өнерін үйреніп, ақылы мен тәрбиесін алып, 7-сыныптан бастап ұсталық өнерге бет бұра бастаған. Дерібсалды ұста дүние­ден өткеннен кейін, әке жолын жалғас­тырған осы ұлы Берік болды. Сол қиын кезең 1992 жылдан бастап  бүгінгі таңға дейін сақина соғумен айналысып келеді. Осы уақытқа дейін ұсталық өнерінен қол үзген емес.01IMG - копия1
Әкеден мұра болып қалған киелі кәсіппен күн көріп отбасын асырап отырған жанға  ауыл-аймақ  халқы  әшекей бұйымдармен қатар, тұрмыста қолданылатын сандық, бесік, түбіт тарақ, ешкі тарақ сияқты заттарға көптеп тапсырыс беретін көрінеді. Алған тапсырыс­ты ыждағаттылықпен орындап халықтың алғысына бөленіп келеді. Соның бәріне үлгіріп істеп, тапсырыс берушілердің көңілінен шығуға тырысатын зергердің бос уақытының жоқтығына куә болып қайттық.
Шебер қосымша сақина соғуға қажетті құрал-жабдықтарды және әшекей бұ­йымдарға  қажетті материал­дарды қаладан сатып алып отыратындығын айтты.
Әкемнің осындай ұсталық өнерін үйреніп, осы уақытқа дейін жалғастырып отырғаныма өте қуаныштымын дейді шебер әңгіме арасында. Ұрпақтар сабақтастығы, әкеден балаға мұра ретінде қалып отырған бұл өнерге өзінің ұлдарында баулып жүргендігін тілге тиек етті.
Еліміз егемендік алғалы жас ұрпақты өз халқының өнегесіне, әдет-ғұрпына сай тәрбиелеу күн тәртібінде өзекті мәселе болуда. Сондықтан ұлттық құндылықтарымыздың әрбіреуін жалғызымыздай дәріптеп, бағалай білуіміз қажет.
Гүлім ЫСМАҒҰЛ.
Жанкелдин ауданы.
СУРЕТТЕ: Берік Батырбеков.
 
«Елдің болашақ айбыны – БІЗ»
илиясЕлдің келешегі әр үйде ер жетіп келе жатқан бала. Болашақта ел намысын қорғайтындар да осы атұстарларымыз. Егер балаңыздың ұтымды суреті болса  өзіңіз жайында әңгімелеп, суретіңізді 3kyz@mail.ru. поштасына жолдаңыз. Фотоңызбен бірге толық аты-жөніңіз, мекенжай, телефоныңызды көрсетіңіз.
№2 үміткеріміз Ілияс Нығметжан.
10 жасар Ілияс кішкентайынан футболшы болуды армандайтын. Аулада доп қуып, үстінен арқасында арнайы жазуы бар спортшы киімін де тастамайтын. Ақыры осы арманының жетегіне футбол секциясына барып, бүгінде “Тобыл” футбол командасының балаларға арналған тобында жаттығып жүр. Ол атақты футболшы Криштиану Роналдоға еліктейді.
Ер адамның әйелі алдындағы жеті міндеті
1. Ер адам ізгі мінезбен әйелін қадірлеп, жарасымды өмір сүруге тиісті. Еш­уақытта әйеліне жаманшылық жасауына болмайды. Өйткені Ұлық пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Сіздердің ең жақсыларыңыз – әйелдеріңізге жайлы болғандарыңыз». Тек сырт көзге сыпайы болып, әйеліңе үйде дөрекі мінез таныту ер азаматқа лайықты іс емес.
2. Мұсылман еркек үй шаруасында әйе­ліне көмектесуге міндетті. Бұл  – сүннет. Сахабалар Айша (р.а.ғ.) анамыздан «Аллаһ Тағала елшісі бос уақытында немен шұғылданады?», – деп сұрағанда ол былай деп жауап берген: «Ол бос уақытында үй шаруасына көмектесетін еді».6pAzObsMSkI
3. Ер адам әйеліне мейірімді болуға тиіс. Анас ибн Малик (р.а.ғ.): «Мен Аллаһтың елшісінен артық әйелдеріне мейірімді адам көрмедім», – деген.
4. Еркек әйелінің намысын аяқасты етпей, қадірін сақтауға, оны құрметтеуге міндетті. Аяғы абыройсыздыққа апаратын істерден де сақтандырып отыруға тиіс.
5. Әйелін асырау, киіндіру, отбасы табысын ысырапқа ұшыратпай тиімді пайдалану – ер азаматтың парызы. Аллаһ Тағала бала-шағасын асыраған адамға сауап жазады. Бұл орайда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар былай деген: «Аллаһ Тағаладан сауап күткен (адам) әйелін асырау үшін тапқан нәпақасы үшін де сауапты болады», «Егер адам сауапты болуды ойлап, отбасын асыраса, бұл да оның садақасы». Олай болса, еркектің жұмыс істемей, әйеліне масыл болуы – үлкен ұят.
6. Егер әйелі діни міндеттерді білмесе, күйеуі үйретуге тиіс.
7. Мұсылман еркекке сөзімен де, ісімен де әйелінің жаратылысын, яғни мінезін келемеждеуге немесе туған-туыс­тарын балағаттап, кемсітіп қорлауға рұқсат жоқ.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓