Арсеннің алғашқы жеңісі

Кішкентай болса да талапты оқушының сынып жетекшісі ретінде оның алғашқы жеңісіне қуаныштымын. Ол мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап тек жақсы жағынан көрсетуде. Сөздік қоры мол, білімге құштар, алғыр оқушы. Әсіресе, математика пәніне қызығушылығы жоғары. Есептерді шығаруда алдына жан салмайды. Оның жарқын болашағынан үлкен үміт күтемін.
Алар асулары мен бағындырар белестерің биік болсын! Талабыңа нұр жаусын, Арсен демекпін.
Мария АХБЕРГЕНОВА,
№19 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Рудный қаласы.