Әдемілікке бастар 10 қадам

Әдемі болу – нағыз өнер. Ол бетке жағатын әсері мол крем, опа-далаптардан басталмайды. Медицина қызметкерлері сұлулық ағзаны қалыпты ұстаудан басталады деп есептейді. Ол үшін мына 10 қадамның өзін жасасаңыз жетіп жатыр.DSCN4669
1-қадам. Қалыпты ұйқы. Әрбір ересек адамға 8 сағаттық түнгі ұйқы қажет. Ұйқысыздықтың салдарынан көздің төменгі жақ бөлігінде әжімдер пайда болуы мүмкін. Жылдам әрі тыныш ұйықтауыңызға лаванда немесе түймедақ майларын пайдалану немесе шөптен жасалған "ұйқы" жастықшалары көмектеседі.
2-қадам. Су. Ағзадағы судың жеткіліксіздігінен адам терісі жапа шегеді. Шын мәнінде оны ылғалдандыру үшін крем пайдалану жеткіліксіз. Күніне 6-10 стақан немесе 2 литрге дейін таза суды ішу әдемі қөрінуге және өзіңді жақсы сезінуге көмектеседі. Су ағзадағы токсиндердің шығуына септігін тигізеді.
3-қадам. Дұрыс тамақтану. Майлы, тәтті, ащы, ұннан жасалған тағамдарды аз пайдаланып, жеміс-жидектер, көкөністер, жаңғақ, балды көбірек пайдаланған дұрыс. Сонда ағзаңыз табиғи жолмен тазарады.
4-қадам. Өсімдік майы. Табиғи өсімдік майлары ағзаны Е дәруменімен толықтырады. Сондай-ақ тамақты қорыту мен зат алмасуды қалпында сақтайды. Күніне 1 ас қасық зәйтүн, грек жаңғағы майы сияқты табиғи өсімдік майларын қалыпты пайдалану бет, қол, мойын және бүкіл дененің терісін тегіс әрі жұмсақ етеді.
5-қадам. Төмен температуралар. Таңертең ұйқыдан тұрғанда аздап мұз салынған әртүрлі шөптердің (түймедақ, ақжелкен) тұнбаларымен немесе мұз салынған минералды сумен жуыну бет терісіне керемет массаж болмақ.
6-қадам. Жоғары температуралар. Аптасына бір рет моншаға барыңыз (әрине денсаулығыңыз көтерсе). Жоғары температуралар ағза жасушаларын ашып, одан токсиндердің бөлініп шығуына әсерін тигізеді.
7-қадам. Температураның ауысуы. Бет терісінің жастығын және сұлулығын сақтау үшін бет орамалды ыстық суға батырып, сығып алып бетіңізге жапсырмалайсыз. Одан соң дәл солай өте салқын суда, осы процесті бірнеше рет қайталайсыз. Ыстық жапсырмадан бастап, салқын жапсырмамен аяқтаған дұрыс.
8-қадам. Скрабтар. Денеңіз бен бет терісіне майлы тері үшін аптасына 1 реттен кем, құрғақ терілер үшін 10 күнде 1 реттен кем скраб қолдануды ұмытпаңыз. Скраб пайдалану терідегі өлі жасушалардан арылтады.
9-қадам. Балшық. Балшықтан жасалған маскаларды Ежелгі Египетте пайдаланған. Балшықтан жасалған масканы жасау өте жеңіл. Ол үшін балшықты жылы сумен қоймалжың қалыпқа келгенге дейін араластырып, бетке жағып, 10-15 минут ұстайды. Содан соң жылы сумен жуып тастайды.
10-қадам. Қозғалыс. Күніне ең болмағанда 1 шақырым жаяу жүріңіз. Жаяу жүру сергек сезінумен қатар сыртқы келбетіңізге де  пайдалы.
 
 

 

You may also like...

1 Response

  1. Дана айтты:

    Су туралы. Ересек аадм күніне 2 л-дей таза су тұтынуы  тиіс. Бұл бірақ – қалып.Жүрек, бүйрек т.с.с. ақаулары барларға одан анағұрлым аз тұтыну керек. Әдемілік көптеген сыртқы және ішкі жағдайларға: ауа, су, тазалық, сал.өм.салты, жаттығу, қозғалысқа, ең бастысы ақыл-ойға қатысты дейді зерттеушілер. Яғни, оқымыстыларға сенсек,тайыз ойлайтындықтан қара аспан төнсе де жымыңдап ортаны жадыратасыз, немесе керісінше, кемел саналылық пен сенімділік әр беруі керек. Демек, бәрі бастағы ойды дүрыс жүйелеуге қатысты болып шығады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓