Қазақ тілі

Бабам менің сөйлеп өткен қазақ тіл,
Дау-жанжалды шешіп берген ғажап тіл.
Босағадан сығаламай, ешкімге
Жаутаңдамай, еркін бүгін азат тіл.
Қазақ тілі – болашағы елімнің,
Саф алтыны ұлан-ғайыр жерімнің.
Бізге жеткен аманат боп бабадан,
Тұнығы сен айдын-шалқар көлімнің.
Жансая Есетова,
Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской орта
мектебінің 7 сынып оқушысы.
Меңдіқара ауданы.
Соз алеме1Сирек айтылатын сөздер
 
Елті – дін адамының, молданың әйелі.
Иенапат – мол, ағыл-тегіл, аста-төк.
Ерқашты – міністен, жүрістен, жұмыстан ығыр болған атты, түйені осылай атайды.
Жалқыаяқ – бала нәжісі, сусымалы, сұйық мінезді адам.
Жаубүйрек – сапарда, жорықта асығыс пісіріп жейтін тағам.
Жұрын – киімнің терімен әдіптелген тұсын жұрындалған дейді.
Кебен – үйілген шөп, маядан көлемдірек болады.
Кеж – керкетпе, қырсық мінезді адам.
Кежек – үйректің еркегі.
Керенау – енжар, немкетті, сылбыр қимыл.
Кекіре – теріскен тұқымдас дала өсімдігі.
Көкіл – алғыр құстың бір түрі.
Көсік – жеуге жарамды, сәбізге ұқсас дала өсімдігі.
Кеспек – ағаш бөшке.
Кербақ –  үйкүшік ешкіммен араласпайтын, әрі надан адам.
 
Сәлем – сөздің анасы
 
"Сәлем"  сөзі о баста  еврей тілінен ауысқан. Еврейше "шалом"–  "бейбітшілік, татулық", ал "шалом алехем"– "тату болыңыз" деген сөздер. Кейін бұл сөз араб тіліне ауысып, алғашында тек тыныштық, қауіпсіздікті білдірсе, кейін амандықты білу, амандасу мағынасында қолданылатын болған. Осы мағынада түркі тілдеріне енген. Араб тілінен аударғанда  тыныштық пен игілік тілеуді білдіреді. Ал негізінде бұл сөз мұсылмандардың "Ас-сәлему-алейкум" – "Сізге Алла тыныштық берсін!" деген сөзінен шыққан. Оған жауап "Уә-алейкум ас-сәлам"–  "Сізге де сол тыныштық, бейбітшілік тілеймін" деген мағынаны білдіреді. Ең толығы және дұрысы "Уә-алейкум-ас-сәлам уа рахматүл-лаһи уа баракатуһу" деу. Бұл "Сізге бейбітшілік және Алланың қайырымы мен мейірбандылығын тілеймін" деген сөз.
соз 1
Сан есімнің емлесі
1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мысалы: жүз бір, жиырма бесінші, екі мың он бес т. б.
2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: Ол 25-ке толды, мен 6-дан 7-ге көштім. т. б.
3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы,                         -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) жазылады да, рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы: 5-класс, 23-қатар, 105-мектеп, бірақ  XX ғасырдағы әдебиет, III том т. б.
Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис жазылмайды. Мысалы: 8 наурыз, 1945 жыл т. б.
4. Екі, алты, жеті деген сандарға болжалдық сан есімнің                    -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдін соңғы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы екі- екеу.
5. Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: 100-деген, 1000-дап, сағат  5-терде т. б.
Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады. Мысалы: қырық-елу үй, 40-50 үй т. б.
6. Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис                        (-) арқылы жазылады. Мысалы:  он-оннан, 10-15-тен, 20-20-дан  т. б.
 Анар Әлдикенова,
 С.Мәуленов атындағы гимназияның қазақ тілі мұғалімі.
 

 

You may also like...

1 Response

  1. Нұржамал айтты:

    Өте жақсы, маңызды сайт.Керемет! Мен көп сөздерді білмейтін елін.

     

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓