Қостанайға бомба тасталмақ болған

Бұл мәліметті АҚШ ұлттық мұрағаты жариялап отыр деп хабарлайды КТК  арнасы. Жермен-жексен ету туралы жоспарды Пентагон өткен ғасырдың елуінші жылдары дайындаған. Атом бомбасы тасталуы тиіс Қостанайдан бөлек, Алматы, Балқаш, Қарағанды, Павлодар, Орал, Семей және Өскемен қалалары да «қара тізімде» болған.БОМБА
Жарты ғасыр құпия болып келген жоспарда Қазақстанның сегіз бірдей ең ірі өндірістік орталығының стратегиялық обьектілері сызбасы көрсетілген.
АҚШ-тың қорғаныс министрлігі жайғасқан Пентагон Кеңес Одағы, Шығыс Еуропа мен Қытай аумағындағы жүздеген қалалар мен олардағы алдыңғы қатардағы кәсіпорындарын өз нысанасына алыпты. Сондай-ақ, Фрунзе, Ферғана, Наманған қалалары да «бес бұрышты» ғимараттың бақылауына кірген.
Әуеден шабуыл жасауды қырғи-қабақ соғысы («Салқын соғыс») жылдары ойластырған. Ол кезеңде Қазақстан металлургиялық комбинат, қару-жарақ шығаратын зауыт, әскери бөлімдер, ірі кеніштер орналасқан алпауыт орталық болатын.
«Қауіпті» құжат АҚШ атомдық арсеналының жиырма мың мегатоннаға жеткен тұсында жасалды. Дегенмен, Кеңес одағы қысқа мерзімде АҚШ территориясын жаулап алатын зымырандарды ойлап тауыпты-мыс.
 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓