Наурыз

наурыз 1

Наурыз атауы қазақ тіліне Соғда мен Хорезм арқылы ежелгі парсы тілінен келген. «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. «Нау» сөзінің қолданысқа енгеніне 5 мың жылдай болған. Бұл сөз өзгерістерге ұшырап, бірталай тілде сақталып келеді: орысша-нов(ый), немісше-нойе т.б. «Наурыз» парсы сөзі болғанымен ерте заманнан кірігіп, қазақ тұрмысына сіңіп кеткен сөз. «Қобыланды батыр» жырында:
Қаз жайлауын саз деймін,
Наурыздан соң жаз деймін, – деген жолдар бар. Парсы күнтізбесінде наурыз ай емес, жыл басындағы жеке бір күн ғана. Кейін жаңа мағынаға ие болып, ай атына айналған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓