Алпыс төрт тақтадағы тартыс
Облысымыздағы "Жайлау" сауықтыру ойын-сауық кешені базасында халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садуақасовтың кубогына арналған ІХ республикалық шахмат турнирі болып өтті.
Турнирге еліміздің он үш өңірінен жүз он бір қатысушы және Назарбаев зияткерлік мектептерінің командалары қатысты. Турнирге ФИДЕ төреші-сінің басшылығымен қазылар алқасы бригадасы, Қостанай қаласындағы шахмат клубының бапкері Евгений Метелено төрешілік жасады. Бір апта бойы ұл-қыздарымыз үш жас ерекшелігі бойынша жеке командалық біріншілікте сынға түсті. Олар тартысты ойындар көрсетті. Сонымен, республикалық шахмат турнирінің қорытындысында тоғыз ойыннан тоғыз ұпай жинап, абсолютті көшбасшы атанған және "Үздік сөре" және "Үздік мәре" номинациясы астаналық Мейір-ман Қыдырғалиевқа берілді. "Жас қатысушы" номинациясымен 6 жасар Есламиден Серғазин (Қостанай облысы) және Аида Айдарқызы (Жамбыл облысы) дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал, енді командалық біріншілікте бірінші орынды астаналық, екінші мен үшінші орынды қостанайлық, қызылордалық шахматшылар жеңіп алды.
Гүлназым
САҒИТОВА