Жас саяхатшыларымыз жеңімпаз!

Таяуда Лисаков қаласында Тобыл өзенінің бойында облыстық саяхатшылардың жазғы спартакиадасы өтті. Оған қалалар мен аудандардан мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен құралған 10 команда қатысты.docs.mail.ru
«Бәрін айт та, бірін айт» – демекші, біздің ауданымыздың намысын қорғаған Тимирязев орта мектебінің оқушылары жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.
-Тартыс үш түрлі бөлімнен тұрды. Олар: «Бөгет өткелі», «Байламдар» және «Құтқару жұмыстары» деп аталды. Әсіресе, мен жетекшілік еткен жеткіншектер уақытты тиімді пайдаланып, техникалық тапсырмаларды үздік деңгейде орындады, – дейді Тимирязев орта мектебінің тәлімгері Арман Шаймерденов.
Әрине, жерлестеріміз жарады! Облыстық жас саяхатшылар спартакиадасынан жеңіспен оралған олардың қуанышымен ортақтасып, алдағы уақытта да ауданымыздың абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓