Құтқарушылар төл мерекелерін атап өтті
8 қазан құтқарушылар күні қарсаңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Т.Кәкімов құтқарушылардың кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Ол өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жетістігі – бұл, ең алдымен құтқарған адамдардың өмірлері екенін атап өтті. Осы жылы облыс департаментінің барлық бөлімше қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 193 адам құтқарды, оның ішінде 38 балалар. Сонымен қатар, жапа шеккен 118 адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді, төтенше жағдай аумағынан 73 адам көшірілді.
Сондай-ақ, төтенше жағдайға тап болған жандарға департамент қызметі және гарнизон бөлімшелері әрдайым көмекке келуге дайын екенін жеткізді.
-Бүгінде қостанайлық құтқарушылар төтенше жағдайлар мониторингі жүйесін жетілдіруде және заманауи озық технологияларды бірте-бірте меңгеруде. Күн сайын енген жаңалық құтқарушылардың қызметі мен шеберлігін шыңдайды. Көршілес Ресей және Белоруссиядағы әріптестерімен жиі тәжірибемен алмасып отыратынын атап өтті.
Бұдан әрі ол: – Біз жас жеткіншектерге сонша күш, білім және тәжірибе берген біздің ардагерлерді, сондай-ақ аяғымыды басатын жастарды мақтан тұтамыз. Біз – бір командамыз. Бұл ұстаным бізге әртүрлі, аса қиын тапсырмаларды орындауға көмек береді, – деді.
Кездесу соңында департамент басшысы құтқарушыларды кәсіби мерекемен – азаматтық қорғаныс қызметінің құрылғанына 20 толуымен құттықтады.
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ.