Жанар май арзандады
Арзан сұйық отын облыстың диқандарына жеткізілдіп жатыр. Оның бағасы литріне 85 теңгені құрайды. Биыл Қостанай облысына 71 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бүгінгі күні жеткізу кестесі құрылып, алғашқы легі келіп те қалды. Ендігі ауқымды іс диқандарды жағар маймен уақытылы қамтамасыз ету болып отыр. 85 теңгеден сатып алам деген шаруашылықтар өз тапсырыстарын беруі тиіс.
ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары елімізде бензин бағасының әлі де төмендеуі мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Егер мұнайдың бағамы одан әрі төмендей берсе, онда сәкесінше бензин де арзадамақ. Ал керісінше қара алтын бағасы жоғарласа, жанар жағар майды да қайта қымбаттамақ.
Айта кету керек, соңғы екі айда бензин бағасы үш рет арзандатылды. Министрліктің бұйрығы бойынша бөліп сатудың шектеулі бағасы Аи-92 маркалы бензиніне 1 литріне – 99 теңге, дизель отыны – 99 теңге, Аи-80- 90 теңге болып белгіленген еді.
Жанар жағар майдың төмен бағасы егіс науқаны кезінде тұрақты сақталса, диқаншылар үшін нұр үстіне нұр болар еді.

Махаббат Бекбай