Туған үйдің жылуы
Әнін жазған: Қалибек Деріпсалдин
Сөзін жазған: Серікбай Оспанұлы
Шырқалсын шаңырақтың асқақ әні.
Ардақтау Ұлы Отанды, елдік, ерлік,
Бәрі де отбасынан басталады.
Қайырмасы:
Ата-баба өнегесі-
Шайқалтпаған шаңырағын!
Биік болсын керегесі,
Туған үйің- бағың, арың!
Бауырларың, әкең, анаң,
Сағынарың, табынарың!
Туым деп көтерілер ел көгіне,
Кім-кім де сенім артар өркеніне.
Жарасқан сыйластығы отбасының
Бүгіні, таңғажайып ертеңі де!
Қайырмасы.
Болуы ашық- жарқын көгіміздің,
Толуы қуанышқа төріміздің
Әр үйдің бақытына байланысты,
Өсуі, өркендеуі еліміздің!
Қайырмасы.