Тұрғын үй құрылысы қарқын алып, пәтер кезегі қысқармақ

Үстіміздегі жылдың 26 мамырында  облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Аман мен "Қазақстан Тұрғын үй – Құрылыс Корпорациясы" АҚ басқармасының төрағасы Р.Хусаинов  мемлекеттік "Қолжетімді баспана–2020" бағдарламасын  жүзеге асыру  аясында ынтымақтастық жөніндегі  меморандумға қол қойды.
"Қазақстан Тұрғын үй – Құрылыс Корпорациясы" АҚ басқармасының төр-ағасы Р.Хусаиновтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында жыл сайын елімізде кем дегенде 6 млн. шаршы метр жаңа үй пайдалануға берілуі керектігін тапсырды. Осыған орай, Үкімет 2012 жылы "Қолжетімді баспана–2020" бағдарламасын бекітті. Тұрғын үй құрылысының сапалы әрі дер кезінде жүзеге асуы үшін 2012 жылдың тамызында "Қазақстан Тұрғын үй – Құрылыс Корпорациясы" АҚ құрылды. Корпорацияға құрылыстың барлық технологиялық процесін бақылау – жобалаудан бастап тұрғын үйді қабылдау тапсырылды. Міндетті жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 2013-2014 жылдары 29 млрд.теңге бөлінді. Атқарған жұмыстың нәтижесі ретінде 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында "Қазақстан Тұрғын үй Құрылыс Корпорациясы" АҚ еліміздің 4 аймағында Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар  қалаларында 20 тұрғын үй нысанын тапсырмақ.
Ал, Қостанай қаласында бірнеше көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру жоспарда бар. Атап айтқанда, Герцен мен Көбеев көшелерінің қиылысында 9 қабатты 4 тұрғын үй,  Герцен мен Киевская көшелерінің қиылысында 9 қабатты тұрғын үй, қалалық әуежайдың аумағында 9 қабатты тұрғын үй,  Герцен мен Киевская көшелерінің қиылысынан бастап,   Урожайная көшесіне дейінгі жерде 5 қабатты тұрғын үй салу көзделу үстінде.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Аманның айтуынша, облыс үшін осы тұрғыдағы құжатқа қол қою өте маңызды болып табылады. Неге десеңіз, бүгінде  он тоғыз мыңға жуық  адам тұрғын үй кезегінде тұр. Әзірге құрылыс барысында қолбайлау болған кедергілер жоқ. Жыл аяғына дейін  екі жүз отыз екі мың шаршы метр тұрғы үй тапсыру жоспарланып отыр.
– Келесі жылы үш жүзден астам пәтерге қол жеткізсек, ол үлкен жетістік, пәтер кезегі де қысқармақ, – деді өз сөзінде Е.Аман.
"Қазақстан Тұрғын үй – Құрылыс Корпорациясы" АҚ басқармасының төр-ағасы Р.Хусаиновтың айтуынша, осы жылдың үшінші тоқсанынан бастап құрылыс жұмыстары басталады.   Тұрғын үй құрылысына  бөлінетін қаржы 1 млрд. 100 млн. теңге.
Бүгінде жергілікті билік органдары құрылыс жұ-мыстары аясында магистралдық, коммуникациялық желілерді іске қосып отыр.
Арендалық баспана арендаторға 15 жыл мер-зімге беріледі.  1 шаршы метрдің құны шамамен 1000-1 300 теңгені құрайды. 10 жылдан кейін арендатор баспананы уақытынан бұрын төлемін жасап сатып ала алады. Оған қоса, жал-ға алу мерзімі кезінде арендатордың өтініші негізінде пәтерін кеңейтуге жағдай жасал-ған.
"Қазақстан Тұрғын үй – Құрылыс Корпорациясы" АҚ тұрғызған арендалық баспана жергілікті әкім-діктің тізімі бойынша беріледі.
Сол секілді "Қазақстан Тұрғын үй – Құрылыс Корпорациясы" АҚ "Жеке меншікке өтетін арендалық баспана" тармағы бойынша 2016 жылдан бастап бағдарлама аясында жыл сайын 530 000 м2  баспана салу көзделуде. Бұл дегеніміз, 9-9,5 мың пәтер.
Гүлназым
        САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓