Мүгедектер үшін қолайлы орта қалыптасты

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік деңгейде ерекше көңіл бөлінуде. Оларды әр салада қолдауға арналған  іс-шаралар көптеп жасалуда. Нәтижелі жобалардың бірі – "Кедергісіз келешек".  Бұл бастаманың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын арттыру. IMG_1693Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында "…Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады. Біздің барлық әлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, "Нұр Отан" партиясы осы жұмысты қолға алғандары жөн" деген болатын. Жолдаудағы айтылған ойды жүзеге асыру үшін "Нұр Отан" партиясы "Кедергісіз келешек" жобасын қолға алды. Партиялық жобаның бірнеше бағыттары бар. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету; бизнес және қоғам өкілдерінің назарын мүгедек жандардың тағдырына аударуға бағытталған халықты ақпараттандыру жұмыстары; мүмкін-дігі шектеулі жандарды қоғамдық өмірге тарту. Міндеттері:
1. Бейінді мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тиімді орындалуына  қоғамдық бақылауды ұйымдастыру;
2. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғамды,     бизнесті жұмылдыру;
3. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың әлеуметтік бейімделуіне қоғамды тарту;
4. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қамқорлық көрсету қажеттілігі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру, оларды белсенді әлеуметтік және экономикалық өмірге тарту.IMG_9198Аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында "Нұр Отан" партиясы Қостанай облыстық фи-лиалы әр бағытқа баса назар аударады. Мәселен, 2014 жылдың екінші жартысынан бергі уақытта 500-ге тарта мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмысқа орналастырған. Соның ішінде 132 адам 30-35 тегі  жастар. Мүгедектерді жұмыспен қамту бос жұмыс орындарының жәр-меңкесін ұйымдастыру арқылы іске асуда. Сонымен қатар пар-тияның қоғамдық қабылдау бөлімдерінде әр сәрсенбі сайын мүмкіндіктері шектеулі жандарды қабылдау күндері белгіленген. Мұнда мемлекеттік орган басшылары, бейімдеу орталықтарының басшылары қатысып, қабылдау өткізеді. Азаматтар өздерінің сұрақтарын қойып, тиісті жауап алады. Бұл да болса "Кедергісіз келешек" жобасының ашықтығының бір көрінісі.IMG_9323– "Кедергісіз келешек" жобасы аясында жүйелі түрде мүмкін-діктері шектеулі азаматтармен жұмыс істейміз. Облыстағы әрбір партия филиалының жанында мамандандырылған комиссия құрылған. Олар мекемелерге жұмысқа орналасқан мүгедектердің жаңа ортаға  тез бейімделуін үнемі қадағалап отырады. Егер қандай да бір олқылықтар туындаса, онда  басқарма басшыларына жазбаша ұсыныс жасалып, оны шешу жолдары қа-растырылады не болмаса түсін-діру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жағдайлар сараптама топтары мен бюро отырыстарында қарастырылып, әрі қарай Орталық аппаратқа жіберіледі, – деді "Нұр Отан" партиясы ҚОФ баспасөз қызметінің жетекшісі Серікбай Шаймағамбетов.
Білім берудің мемлекеттік жинақтау жүйесі шеңберінде жетім балалар үшін 69 есеп ашылып, түсім жасалды. Аталған жобаның есебінде ұйымдастырылған "Отбасын қолдау аптасы" акциясы бойынша тұрмысы төмен 38 отбасы кеңес алды. Жастардың "Кеңес Орталығы" бастамасы бойынша жұмысқа орналаса алмай жүрген 900-ден астам жасқа бағыт-бағдар берілді.P1390037Әрине, партиялық жобаларды іске асырумен қатар партия белсенділерінің  әлеуметпен жұмысының түпкі мақсаты тәр-бие жұмысы екені айқын. Бұл бағытта біз қоғамымыздың белгілі бір бөлігі душар болып отырған әлеуметтік инфантилизмнен құтылуымыз керек. Республикамызда әлеуметтік саясат еңбекке жарамды әрбір адамның өз еңбегімен және кәсіпкерлігімен өз отбасының жағдайын түзетуіне мүмкіндік беру, ал еңбекке жарамсыздары мен мұқтаждарына әлеуметтік қорғау жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылып келетінін атап өтуіміз қажет. Мұнда да әлеуметтік қорғау тек қана нақтыланған, атаулы және халықтың ең әлсіз қорғалған топтарына ғана беріліп отырады. Көшпелі экономика жағдайындағы елдердің халықаралық тәжірибесі көрсеткеніндей, атаулы әлеуметтік көмек халықтың тек 10-15 пайызын ғана тиімді қорғай алады. Ендеше, қоғамымызда тамақ асы- раушылықтың деңгейін төмендету, мемлекет шексіз жарыл-қаушы  емес, ол азаматтардың тұрмысын жақсартуға жағдай туғызатын әріптес екенін әрбір азаматтың сезінуіне қол жеткізуіміз міндет.
Бүгінгі күні паспорттауды жүргізу және аймақтарда нысандарды икемдеу ісі партиялық бақылауға алынды. Тек үстіміздегі жылдың өзінде облыс бойынша халыққа қызмет көрсететін 500-ге тарта қоғамдық орын (ірі маркеттер, қызмет көрсету орталықтары, театрлар мен кино қойылым, мәдениет үйлері, клубтар және т.б.) бойынша рейдтер жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша Қостанай қаласының өзінде ғана мамандандырылған қызмет көрсету орталығы, "Март" СҮ, облыс орталығындағы банк ғимараттарына кіреберістер мүгедектердің еркін кіріп-шығуына ыңғайландырылды. Сол сияқты жұмыстарды облыс аудандарындағы партияның барлық  филиалдары жүргізуде. Жыл аяғына дейін тағы да 179 мемлекеттік мекеме мен халық көп келетін нысандар тексеруден өткізіліп, олардың мүгедектер үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмысы жүргізіледі. 
Аталмыш жоба аясында партияның Қостанай облыстық филиалы қаладағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Партия белсенділерінің айтуынша, жаңа ғимаратта мүгедектер үшін қолайлы жағдай жасалған. Мұндай рейдтер өңірдегі әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін анықтау және олқылықтардың алдын алу мақсатында жүргізіледі. Осы уақытқа дейін бірнеше мәрте ұйымдастырыл-ған болатын. Партия белсенділері мүгедектермен бірлесе жаңадан ашылған нысандардың іші-сыртын шолып, пандустардың талапқа сай орнатылуына баса назар аударады.
– Жаңа ғимараттың ішінде мүгедектердің еркін жүріп-тұруына барлық жағдай жасалған. Бұған дейінгі тексеріс қорытындысы бойынша Қостанай қаласының №4 емханасы үздік атанып, бірінші орынға шыққан болатын. Мамандандырылған ХҚКО мүгедектерге қолжетімді нысандардың тізімінде екінші орында деп айта аламын. Себебі, мұнда мүгедектер арбасымен жүріп-тұруға ешқандай кедергі жоқ. Қызмет көрсету сапасы да ұнады, – деді "Үміт-Надежда" ҚБ төрағасы Дүйсенғали   Оспанов.
Осындай партиялық рейдтердің қорытындысында нысандардағы кемшіліктер түзеліп жатыр. Десек те, қалада талапқа сай келмейтін ғимараттар бар. Кейбір спорт, білім беру мекемелерінде мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасалмаған. 
Аталған олқылықтар партиялық жоба аясында шешімін таппақ.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

 

 
 
Күн сайын – бір суицид

Ақпарат мына сайттан алынды: http://www.kostanaytan

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓