Ардагерлер – абзал ерлер

 
        «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XIX конференциясы болды. Оның жұмысына облыс әкімі Н.Садуақасов қатысып отырды. Конференцияға облыстық мәслихаттың депутаттары, партияның аймақтық бөлімшелерінің жетекшілері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды.КОНФЕРЕНЦИЯ НУР ОТАН
               Алқалы жиында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сапаровасөз алып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне әзірлік жұмыстары туралы баяндады. Оның айтуынша, облыс көлемінде соғыс және тыл ардагерлеріне көмектесу мақсатында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы қолға алынды. Өткен жылы облыстық филиал Қостанай облысында тұратын 442 соғыс ардагері мен 1900 тыл еңбеккерлерінің әлеуметтік картасын әзірлеген еді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасына өңірдегі әскери-патриоттық клубтар белсене араласады. «Жас Отан» ЖҚ-да соңғы он шақты жылдың көлемінде қарт кісілерге көмектесіп, олардың отын-суын түсіріп беруге жәрдемдесіп келеді. Қазіргі таңда жасотандықтар осындай 270 адамға қол ұшын созды. Осымен үшінші жыл ұйымдастырылып келе жатқан «Менің атамның портреті» акциясы алдыңғы екі жылда 1300-дей ардагердің фотосуреттерін дайындады. Өазіргі таңда облыстық филиал біздің батыр-жерлестеріміз жайлы ақпараттар топтастырып, слайдтар жасау үстінде. Олар Қостанай қаласының орталығында үлкен экрандар арқылы халыққа таныстырылып жатыр. Мұндай шара аудан, қала орталықтарында да жалғасын табады,-деді Әлия Сапарова.
      Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында қарт майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету туралы облыстық әлеуметтік бағдарламалар және еңбекпен қамдуды үйлестіру басқармасының жетекшісі Ерлан Жаулыбаев мәлімдеді. «Ардагерлерді ардақтайық» акциясының шеңберінде 338 ҰОС ардагерлері мен мүгедектерінің тұрмысы зерттелді.Соның нәтижесінде 9 мамырға дейін 101 ардагердің үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұған тартылған қаржыдан 867,0 мың.теңге жұмсалатын болады. Үстіміздегі жылдың бірінші ақпанынан бастап 11,3 млн.теңгеге барлығы 5 нысан жөнделді,-деді ол өз сөзінде.
       -Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін лайықты аптап өту туралы Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында да кеңінен қамтылды. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан майдангерлерімізге қандай құрмет көрсетсек те артық емес.Президент міне осыны меңзеп отыр,-деп атап өтті облыс әкімі Н.Садуақасов.
        Конференцияда  №4-ші Батыс және №5-ші Студенттік сайлау округтері бойынша облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер есімі белгілі болды. «Нұр Отан» партиясының мүшелері-«Қазақстан Халық Банкі» АҚ облыстық филиалының директоры Гүлмира Ахметова және «Цветная» ЖШС құрылтайшысы Иван Клименко депутаттыққа үміткерлер есебінде тіркелді.
    Айбек КӘДІРҰЛЫ
       Суретті түсірген  Юлия Калинина.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓