Ана тіліміздің аясын қайтсек кеңейтеміз?

Облыстық баспасөз клубында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ж. Үмбетовтың қатысуымен баспаөз конференциясы өтті.IMG_7500
Кездесу барысында басқарманың былтырғы жылы атқарған жұмыстары мен алға қойған жоспарлары талқыланды. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламаның облыс көлемінде іске асырудың 2014-16 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асуда.
–Облыста тілдерді оқытудың инфрақұрылымы жасалды. 18 тілдерді оқыту орталығына мемлекеттік, ағылшын және этникалық топтардың ана тілдерін оқытумен 14 мыңнан астам ересек азамат оқиды. Оған тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, кез келген ниет білдірген азамат барып тегін білім ала алады, – деді Ж. Үмбетов.IMG_7501
Өткен жылы басқарма “Қостанайдың жас көшбасшылары” қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып мемлекеттік тілді көпшілікке таныту және “Тілдердің үштұғырлығы” мәдени жобасын насихаттауға бағытталған екі әлеуметтік жобаны жүзеге асырған.IMG_7513
Оның сыртында мемлекеттік тілді меңгерген облыстық конкурстардың жеңімпаздары республикалық сайыстарда да жоғары нәтижелер көрсеткен. Бұл Қостанай облысы үшін қуанарлық жетістік.
Кездесуде көшедегі қате жарнамалар, мемлекеттік қызметкерлердің ана тіліне деген немқұрайлығы жөнінде сұрақтар қойылды. 
Айтолқын Айқадамова
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓