Набережный емес, Байшуақ
Бейімбет Майлин ауданындағы Набережный ауылдық округі мен Елизаветинка ауылының атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы өңір әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешім құжатында жазылған.
«Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Набережный ауылдық округі Байшуақ ауылдық округі, Бейімбет Майлин ауданы Набережный ауылдық округінің Елизаветинка ауылы Байшуақ ауылы болып аталсын», – делінген бірлескен шішімде.
Құжат 1 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болады.