Тоғыз жолаушы зардап шекті

Бүгін Арқалық-Торғай жол бойында бес автокөлік қақтығысып, жантүршігерлік апат болды деп хабарлайды "Қостанай таңы" zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Арқалық қаласы полиция басқармасының мәлімдеуінше, әуелі "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі айналып өтемін деп қарсы бағытқа өтіп кеткен, сол кезде қарама-қарсы келе жатқан "Ниссан" көлігіне соғылған. Бұларға жанама бағытта келе жатқан тағы үш көлік қақтығысады. Салдарынан тоғыз адам зардап шегіп, оның үшеуі жедел жәрдеммен жансақтау бөлімшесіне жеткізілді. Ал "Ниссан" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан.

Әзірге болған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

А. Ғалымұлы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓