Ауыл баласы да биіктерді армандайды

"Қостанай таңы" газетінің беті-нен бір мақаланы көзім шалды. "Ауыл баласы кім болуды армандайды?" деген тақырыпта екен. "Үлкендердің әңгімесіне құлақ түрсек, кеңес кезінде ел басқар-ғандардан гөрі қарапайым қара жұмыста озат атанғандар өте сыйлы болған. Қазір қалай? Қара жұмыста қара үзіп, озат атанып, атағы дүйім елге дүркіреп шығып жатқан кімді білесіз? Дегенмен, адамның бала жастан қандай да бір мамандық таңдауына еркі бар. Бұл, әсіресе, ауыл жастары үшін үлкен проблема". Бұл мақаладан үзінді. Әрі қарай түрлі тақырыпшалар. Әрине, әр адам кім боламын десе де өз еркі. Бірақ, тек қана ауыл баласы қара жұмыс істесін деген қатып қалған ереже жоқ қой. Ауылда оқып жатқан бала краншы боламын, дәнекерлеуші боламын немесе макарон өндіремін деп әсте армандамайтын болар. Адамның өзінің қалаған, мақсат қылып қойған мамандығы мен қазіргі кезде сұранысқа сай мамандықтың  ара-жігі  тым  биік.  Ел басқарып отырғандардың, өнер иелерінің көбі ауылда туып-өскен.дети 2
Әттең, білім алу тым қымбаттап барады. Егер мүмкіндік берілсе, меніңше ауыл баласының өрісі кең, бағындырар белесі әлі алда. Елбасы айтқандай: "Ауыл дамыса, еліміз де алға баспақ".
Жыл өткен сайын білім жүйесінде өзгерістер орын алып жатыр. Бірер он жылдан кейін бұл жүйе түбегейлі өзгеріп кетуі де ғажап емес. Бұл өзгерістер білім сапасына тек қана жақсы жағынан әсер етсе екен.
 
Сара Жақсылық.
Қазанбасы ауылы,
Әулиекөл ауданы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓