Балалар үйіне бардыңыз ба?

Жаз айларының бірінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тәлімгер ретінде машықтанудан өткен болатынмын. Сол жолғы тәжірибем менің жаныма қатты әсер етті. Тіптен өзімді шарасыз жандай сезіндім. Бейбіт елде жүріп, жетім атанған бауырларыма шынымен жаным ашыды. Балалардың көзқарастары, жаралы жандары менің әлі есімде.
Мен өмірді енді бастап келе жатқан жаспын. Сондықтан менің қолымнан келері өзгеге ой тастау. Бүгінгі заманда қауырт тірліктен бір сәт арылып, балалар үйіне әр адам барып тұруды ойласа деймін. Олардың келешегіне әсер берер едік. Олар көпшілікпен араласып, жасқанбай өссе, тас жүрек болмай ер жетер еді. Балаларға үнемі барып, қарайласып тұратын азаматтар бар. Оларға деген алғысым шексіз. Десе де ондай жандардың қатары көбейсе жақсы болар еді. Қазақтың сүп-сүйкімді ұл-қыздары облыстық балалар үйінің 6 тобында желкілдеп өсіп келеді.тастанды т
Тәрбиешілер міндеттерін орындап, өмірге жол сілтейді. Бірақ сол балалардың қандай азамат болары мына біздерге байланысты. Сіз өзіңізге балалар үйіне барып көрдім  бе деген сауалды қойыңызшы. Шынымен бір сәт ойланыңызшы. Барып, ата-анасы жоқ балғындарға көмек беріп, азамат болуына қолыңызды создыңыз ба?
Шынымен ойланар сауал. Менің мақаламды оқысаңыз, бүгіннен қалдырмай айына бір рет болса да балалар үйіне барыңыз. Бала-шағаңызбен бірге барып, балалармен танысып, оларға да отбасын жылуын берсеңіз, жаныңыздың да рақат тауып қалатынына мен сенемін.
 
Жансая Сайлауова,
Қостанай педагогикалық колледжінің 4 курс студенті.  

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓