Еріктілер мектебі
Облыста. «Нұр Отан» партиясы ҚОФ-ның жанындағы «Жас Отан» жастар қанатында еріктілер мектебі жұмыс істеуде. Жуырда қостанайлық еріктілерге арналған семинар-тренинг өтті. Жастар арасындағы мұндай белсенді топ «Жас Отан» ЖҚ-ның облыстық филиалының маңайына топтасқан. Қазіргі уақытта мұнда 45 ерікті бар. Олар оқудан бос уақыттарында бас қосып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын береді. «Адам игі істі өзі үшін істеуі керек. Біреуге көрінейін не болмаса пайда табайын деген ойдан аулақ болғаны жөн. Еріктілердің өзгелерден ерекшелігі де осында»,-деді «Жас Отан» ЖҚ «Еріктілер мектебінің» координаторы Гауһартас Қалахова.