Мақсат мал шаруашылығын дамыту
Алтынсарин. Өткен жылы ауданда мал шаруашылығын өркендету мақсатында бюджеттен 65 млн. 825 мың теңге субсиядия бөлінген. Сондай-ақ, Сыбаға, Алтын асық бағдарламалары бойынша 353 іріқара мен 297 қой сатып алынған. Ал, Құлан бағдарламасы бойынша 17 жылқы сатып алуға құжат мақұлданғанмен, есепті жылдың аяқталуына байланысты қаржыландыру тоқтатылған. Дегенмен, ауданда мал санын көбейту жұмыстары биыл да жалғасын таппақ.