Журналист-жазушыны еске алды
Қостанай қ. Қаламгер Ахметжан Байжановты Торғай-Тобыл өңірі жақсы біледі. Ол «Қостанай таңы», «Торғай таңы» газеттерінде жауапты қызметтер атқарды. «Құлан Кейкі батыр», «Өскен өркен», «Жалғызтал», «Бектауыл Баубек батыр» кітаптарының авторы.Ахаң «Торғай» газетін ұйымдастырып, оның құрылтайшысы, бас редакторы болды, әріптесіміз тірі болса, бүгіндер 75 жасқа толар еді. Қостанай қаласында қаламгерді еске алуға арналған шара ұйымдастырылып, ас берілді.