Қабылданғаны – 30, заңдастырылғаны – 17
Сарыкөл аудандық әкімдігінде екі айдан бері мүлікті заңдастыру бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Осы жолғы кезеңде 30-дан астам өтініш қыбылданды. Олардың ішінде: тұрғын үй нысаны – 19, тұрғын үй емес –40 және коммерциялық нысан – 2.

«Сарыкөл ауданы әкімі аппараты» ММ заң бөлімінің бас маманы Жангелді Асқаровтың айтуынша, өкінішке орай, арыз берушілер әрдайым құжаттарының толық нұсқасын көрсете бермейді. Сондықтан, қосымша кеңес өткізіледі. Мұндай көмекті 170 сарыкөлдік алды.
Жалпы, өтініштерді кері қайтару – бұл толық емес құжаттар пакетінің және ұсынылған құжаттардың ҚР заң талаптарымен сәйкес келмеуі. Сондай-ақ, мүлікті заңдастырудан бас тартудың негізгі себебі – мүлікті заңдастыру тау-кең құрылыс реттемесімен, өрткеқарсы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен сәйкес келмеуі болып табылады.
Мүлікті заңдастыру 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы