Жайлы баспана – жайлы тұрмыс

БҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы  28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мен тұрғын үй жайлылығы деңгейін жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен "Қазақстан Республикасының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011- 2020 жылдарға арналған бағдарламасы" қабылданған болатын.
Біз аталған бағдарлама бойынша Арқалық қаласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысқан едік.
– Алғаш рет қалада 2012 жы-лы пилоттық Жобамен Абай даң-ғылы, №78 үй күрделі жөндеуден өткізілді. Мердігері: "Торгайстрой" ЖШС. Бұл көрсеткіш 2014 жылы мүлде қарқын алып, кондоминиумның 11 нысанына бір мезетте терможаңғырту жұмыстары жүр-гізілді. Атап айтқанда: Байтұрсынов көшесі, №4 үй, Маясова кө-шесі, №22 үй, Ш.Жәнібек көшесі, №90 үй. Мердігері: "Құрылыс" ЖШС (Астана). Байтұрсынов көшесі, №26 үй. Мердігері: "ЖКШ Строй" (Қостанай). Абай даңғылы, №92 үй. Мердігері: "Бақыт – К" (Аманкелді ауданы). Байтұрсынов көшесі, №28 үй. Мердігері: "Әбдібеков" ЖК. Абай даңғылы, №80 үй. Мердігері: "Мәжитов"ЖК. Шақшақ Жәнібек көшесі, №93 үй. Мердігері: "Скацкий" ЖК. Әуелбеков көшесі, №11/1 үй, Байтұрсынов көшесі, №6 үй. Мердігері: "Торгайстрой" ЖШС (Арқалық).
Күрделі жөндеу кезеңдерінде үйлердің төбе жабындылары, жер төлелері, сыртқы қабырғалары, подъездерінің іші, терезелері, электр жүйелері, кіреберіс топтамалары және үй аулалары бір сөзбен айтқанда кондоминиум нысанының ортақ мүлігіне күрделі жөндеу жасалды. Сондай-ақ, жылу энергиясын ұттырмай пайдалануға және ресурс-тарды үнемді тұтыну тұрғысында бағдарламаның терможаңғырту бөлімі арқылы жөндеуден өткен үйлердің  су,  кәріз  құбырлары жаңғыртылып, ортақ жылу есептегіш пен автоматтық жылу реттеуші құралдар орнатылды, –  дейді "Арқалық қаласы әкімдігі-нің тұрғын үй-инспекциясы бөлі-мі" КММ басшысы Бауыржан Әділбеков.
Мамандардың айтуынша бағдарламаны жүзеге асыру барысында түрлі қиындықтар да кездеспей қалмайды.
Тұрғын үй кешенін жаңғырту талабы бойынша бағдарлама шеңберінде пайызсыз несие беріліп, үйге терможаңғыртуы бар күрделі, ағымдағы жөндеу ұйымдастыру үшін ең бірінші сол көппәтерлі үйдің кондоминиум нысанының мемлекеттік тіркеуі болуы қажет. Кейбір пәтер, үй-жай меншік иелері үй тұрғындарының жалпы жиналыстарына қатысып, ортақ мүліктерін тіркеу-ден өткізуге, жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдауға асықпайды. Ортақ меншікті кондоминиум-ға тіркетуге қажетті қаражатты жинап, құжат рәсімдетуді өте бір күрделі мәселеге айналдырып, не болмаса жөндеу жұмыстарының тым қысқа мерзімде жүзеге асқанын қалайтындар да кездеседі.
Негізінде көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүліктерін тіркеу-ден өткізу дайындықтары бірнеше айға созылады. Оның себебі, жөндеу жұмыстарының қаржыландыруы Республикалық бюджеттен болғандықтан құжаттандыру жұмыстары өте мұқият тексерістерден, сараптамалардан өтеді. Сондықтан, ортақ мүлікті күрделі жөндеуден өткізу шараларында неғұрлым ертерек бас-талған іс, соғұрлым оң нәтижесін береді. 
– Бүгінгі күнде пайызсыз несие алып, яғни  бағдарлама  шеңберінде өткізілетін жөндеуге ынталы емес тұрғындар да бар. Іс барысында анықталғанындай олар көбіне аз қамтылған отбасылардың мүшелері болып табылады. Бұл ретте, аз қамтамасыз етілген жанұяларға жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеуге және күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" сәйкес, тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Тек, уақытында көмек алу үшін құжаттарды тапсыру қажет. 
Үй тұрғындарының арасында жөндеу жұмыстарына сенімсіздік танытатындары да жоқ емес. Алайда, түсініспеушілік танытып  көрші пәтерлердің тұрғындарын кондоминиумға қатыспауға үгіттегеннен үйдің сапасының жақсармайтыны белгілі. Олай болса, үй тұрғындары  өз  мүліктеріне  салғырттық танытпай, Бағдарламаның тиімділігін растап, қолдану қажеттігін ескергендері жөн. Ел арасында осы мәселелерді үнемі айтып, насихаттап жүреміз. Тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, жеткілікті ақпарат беруге біз әрқашанда дайынбыз, – дейді Бауыржан Бақытұлы.
 Елімізде, өз күшімен үйдің жағдайын жақсартамыз деген үй тұрғындарына да қолдау көрсетіліп, жағдай жасалған.
 Қалада 2012 жылдан бері тұрғын үй қатынастарының оптималдық моделі қалыптастырылуда. Бүгінгі таңда көппәтерлі үйдің ортақүлестік мүлігін яғни, кондоминиум нысанының тіркеуін нотариалдық сенімхат арқылы жасасатын басқару органдарының саны арта түсуде. Қалада қазір осы жұмыстармен айналысатын 4 ЖШС бар.
– Тіркеу жасалғаннан кейін бір айдың шамасында кондоминиум нысаның басқару органы жалпы жиналыста таңдалады. Олар жеке шаруашылықтар барлық басқару қызметтерін атқарады. Біріншіден әр пәтер иесімен жеке бекітілген типтік шартқа отырып, үйді қабылдау АКТ-мен қабылдап алып, үйге екінші деңгейдегі банкте жеке ағымдағы шотпен жинақы шот ашады. Сонымен қатар, үй тұрғындарының кеңесі тағайындалады. Үй түрғындары кеңесіне өз салымдарын бағалай білетін және өз ортақ үйлерінің жай-күйіне бейжай қарамайтын белсенді, сауатты үй-жай, пәтер иелерінің кіруі аса маңызды. Үй тұрғындары кеңесі үй-жай, пәтер иелерінің  жалпы жиналысының шешімдерін іске асырылуын қамтамасыз етіп, басқару органының қызметіне қадағалау, бақылау жүргізіп отырады. Ай сайын үйлерінің күтіп ұстауына төлеген ақшаларының мақсатты жұмсалуына және жинақы шот тариф белгілеп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізе алады,– дейді қалалық тұрғын үй инспекциясының заңгер-маманы Айнаш Назарқызы.Маясова көшесі, №22 үй (жөндеуден кейін)
Сайып келгенде, тұтастай үйді ұқыпты ұстамай, жеке пәтерде ғана жайлы тұрмыс кешу мүмкін емес екенін тұрғындар сезіне бастаған.   
– Біздің Байтұрсынов көшесі №4 үй өткен жылы кондоминиум арқылы күрделі жөндеуден өтті. Құрылысшылар мейлінше жақсы жұмыс жасады. Атқарған істеріне дән ризамыз. Үйіміздің жертөлесіне дейін толық тазартып, құбырларын ауыстырып берді. Подъездерімізге ішінен ағаш есік, сыртынан темір есік салып, жылу батарейлерін қойды. Үйіміздің ажары кіріп, жарық, жылы болды. Қазір, үйге кіргеннен-ақ өзімізді жайлы сезінеміз, – деп ағынан ақтарылады қаланың байырғы тұрғыны, ішкі істер қызметінің ардагері Алдаберген Ибрагимов.
Айтса айтқандай, халық мемлекеттік "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту" бағдарламасына қатысудың артықшылығын анық көре алды.
 Талдау көрсеткеніндей терможаңғырту өткеннен кейін тек қана үйлердің жағдайы, инженерлік жүйелері түзеліп қоймай, тұтынушылардың жылуға төлемдері жалпы бекітілген тарифтен 10 % -ға үнемделеді. 
 Жалпы, Арқалық қаласының тұрғын үй қорының 93% -ы ағымдағы және күрделі жөндеуді қажет етеді. Қазіргі уақытта, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының қоғамдық қол жеткізу мүмкіндігін арттыру үшін кондоминиум нысандарын құру жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде 19 кондоминиум нысаны тіркелді және 13 көппәтерлі үйде Әділет органдарында тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай -ақ, тұрғын үй кешенін жаңғырту бағдарламасының басқарма компанияларының саны 1-ден 5-ке артты. 
Жергілікті бюджет қаражатынан 758 мың. теңгеге 2 нысанға энергоаудит жұмыстары жүргізілгенін де айта кеткен жөн. Ол көпқабатты үйлер: Ш.Жәнібек, 90а және Горбачев, 85/1. Тұрғын үй кешенін жаңғырту бағдарламасы бойынша аталған үйлер биылғы жылы жалпы сомасы 50 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтеді.
Сонымен қатар, облыстық "Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті" ММ -не 2015-2017 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрғын үй қорын жөндеу мақсатында қаржылық- экономикалық негіздемеде жалпы сомаcы 1 миллиардтан астам теңгені құрайтын бюджеттік тапсырыс жасалған. Бұл қаражат қаладан тағы да отыз шақты кондоминиум нысанына күрделі жөндеу жүргізуді қамтамасыз ететін болады.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суретте: Б. Әділбеков, қалалық тұрғын үй-инспекциясы бөлімінің басшысы.
Суретті түсірген автор.
Арқалық қаласы. 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓