Студенттің еңбегі еленді
Студенттің еңбегі еленіп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.
Еске сала кетейік, 12-13 ақпанда өңірімізде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен "IRZ" Герман халықаралық құқықтық қатынастар қорының ұйымдастыруымен "Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы шетелдердің құқықтық механизмі" тақырыбында халықаралық конференция өткен болатын. Осы конференцияның ұйымдастыру жұмысына атсалысқаны үшін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенті С.Новосельцев ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысы Д.Үсеновтың қолынан Алғыс хат алды.
Студенттің айтуынша, осындай жоғары деңгейлі іс-шараларда мол тәжірибе алуға мүмкіндік береді. "Мұндай халықаралық деңгейдегі ауқымды конференцияны ұйымдастыру жұмысына атсалысуымыз біз үшін үлкен мәртебе", – дейді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ