Балалар спорты басты назарда

Биыл Арқалық қаласында спорттық құрылымдарды жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр.
Атап айтқанда: қаладағы көпқабатты үйлердің аулаларында орналасқан 3 шағын футбол аландарының жасанды төсеніштерін жаңарту жұмыстарына 10,5 млн теңге бөлінді. Конкурс нәтижесі бойынша «KazArk Group» (Арқалық қаласы) жеңімпаз атанды.
«Жігер» стадионының жанында орналасқан шағын футбол алаңының жасанды төсенішін жаңарту жұмыстарына 17,3 млн теңге бөлінді. Конкурс нәтижесі бойынша «СтройГруппPVL» ЖШС (Павлодар қаласы) жеңімпаз атанды.
Молодежный ықшам ауданына футбол алаңын және көше тренажерларын орнату жұмыстарына 14,9 млн теңге бөлінді. Конкурс нәтижесі бойынша «Sports Equipment» ЖШС (Алматы қаласы) жеңімпаз атанды.
Северный кентіне көпсалалы хоккей кортын орнату жұмыстарына 16 млн теңге (облыстық бюджет есебінен) қарастырылды. Конкурс нәтижесі бойынша «Sports Equipment» ЖШС(Алматы қаласы) жеңімпаз атанды.
Жалпы, қалада балалардың спортпен айналысуына айрықша назар аударылған. Үй аулаларындағы ойын алаңдарына жіті көңіл бөлініп, уақытылы күтім жасалып отырады.
Арқалық қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Айтжан Өміржанұлының айтуынша, аталған нысандардағы жаңғырту және орнату жұмыстары жақын аралықта қолға алынбақшы. Сонымен қатар, бөлім басшысының мәлімдеуінше, қазіргі таңда қаланың Шақшақ Жәнібек көшесі, №100/1 мекенжайында орналасқан спорт зал ғимаратына техникалық байқау өткізуге 1 326,0 мың теңгеге және Абай даңғылы, №96 үй мекенжайында орналасқан шағын футбол алаңының қоршауын биіктетуге 1216,3 мың теңгеге бюджеттік өтінімдер дайындалуда.
Мұрат
 Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓