«Мен денсаулықты таңдаймын»

      Изображение 2 522Желаяқтар арасында өткен марафондық жарыс дәл осылай аталды. Бұл көпшілік шара Кеңес Одағының батыры , жерлесіміз Сұлтан Баймағамбетовтың 95 жылдығына арналды. Жүгіріске  қатысуға мыңға тарта спортшы тілек білдіріпті. Олардың арасында мектеп оқушылары, жастар және спортты жанына серік еткен ардагерлер бар. Жарыстың ашылу салтанатында қала әкімі Ахмедбек Ахметжанов, ҰОС ардагері Николай Стуран және облыстық кәсіподақтар комитетінің төрайымы Балбөпе Ертаева сөз алып, еске алу шарасының мән-маңызына тоқталды.Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Сол бір сұрапыл жылдары жүздеген қостанайлықтар кеудесін оққа төсеп, азаттық жолында өздерін құрбан етті. «Ерлік мәңгі өшпейді. Бүгінгі өскелең ұрпақ   даңқты жерлестеріміздің сол жанқиярлық ерлігін ешқашан ұмытпайды және олардың рухына тағзым етеді»,-деп атап өтті қала басшысы.Изображение 2 579
      Жарыс үш қашықтық бойынша белгіленді. Мәселен, 1999 жылғы туған және одан төменгі жастағылар 2000 метрге жүгірсе, 5000 пен 10000 метр қашықтықта өз бақтарын сынаған спортшылардың жасына шек қойылған жоқ. Солтүстік-Батыс шағын ауданынан басталған марафон Гагарин көшесі арқылы өтіп, «Забава» мейрамханасында мәреге жетті.Жарыстың бас бәйгесін жеңіп алған желаяқ енді Алматы қаласында өтетін 42 шақырымдық марафонға қатыспақ Сондай-ақ, жарыс жүлдегерлеріне арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓