Заңсыз балық аулама!
Тобыл өңірінің су қоймаларында республикалық «Скутер» акциясы жалғасуда. Демалыс күндері облыстық көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері Қаратомар су қоймасы мен Тобыл-Аят өзендеріне рейд жүргізді. Мақсат – балық аулаушылардың рұхсат қағазын тексеріп, браконьерлік ауларды табу. Сондай-ақ тексеріс барысында қайықтардағы қауіпсіздік ережелері мен бекітілген жылдамдықтың сақталуы да басты назарға алынды.
Шара қорытындысы бойынша заңсыз балық аулап жүрген бірнеше азамат құрықталып, оларға мамандар қоршаған ортаны қорғау саласында түсініктеме берді. Заңсыз жолмен пайда табам деп темір тордың ар жағынан бір-ақ шығуға болатындығы ескертіліп, бірінші мәрте кешірім берді.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ