Темекіні жеміске айырбаста
Қарасулық полицейлер "Никотинді дәруменге айырбаста" акциясын ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары Қарасу орта мектебінің оқушыларымен бірге қалалықтарды темекі бұйымдарын жеміске айырбастауға шақырды.
Мектеп оқушылары азаматтарды салауатты өмір салтын қолдау көрсетуге және есірткі, темекі мен алкогольден бас тартуға үгіттеді. Оқушыларға кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспектор Әлия Қазенова көмектесті. "Біздің акцияға қатысқан адамдар темекіден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстанады деген сенімдеміз", – дейді Әлия Орынбасарқызы. Ал акция барысында жиналған темекінің бәрі көптің алдында өртелді.
ОІІД баспасөз қызметінің материалдары бойынша дайындаған М.Қабдрахметова.