Аурулар көрсеткіші азайған
Алтынсарин ауданында Саламатты Қазақстан бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Соның нәтижесінде біраз аурулардың көрсеткіші төмендеген. Мәселен, қан айналымы жүйесі аурулары 21 пайызға, туберкулез 46 пайызға, ал бала өлімі 84 пайызға азайған. Сондай-ақ, аталған бағдарлама аясында өткен жылы Щербаковта дәрігерлік амбулатория бой көтерген болатын. Жаңа денсаулық сақтау мекемесінің құрылысына 43 млн.886 мың теңге жұмсалған.