Дәрігерге зәру
Лисаков қаласында денсаулық сақтау саласының мамандары жетіспейді. Қала әкімі Марат Жүндібаевтың айтуынша, өңірде 20 дәрігер маман тапшы. «Соңғы төрт жылда дәрігер мамандарға 23 баспана берілді. Биыл тағы да үш пәтер беруге дайындық үстіндеміз. Осы бағытта жұмыстар жалғасын табатын болады» – деді Марат Қонысбайұлы. Ақпан айында облыс әкімі жұмыс сапарымен Лисаков қаласына барғанда жергілікті билік өкілдері елді мекенде дәрігерлердің тапшы екенін айтып, мәселе көтерген болатын.