Бірден үш гранттың иегері атанды

Қостанайлық бойжеткен Камила Өмірзақова бірден үш гранттың иегері атанған.
грантОблыстық Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегі алғашқы екі грантты үздік оқу үлгерімі үшін алса, үшіншісін бейнебаян байқауына қатысып, жеңіп алған. ҚазМЗУ-да оқу бойжеткеннің басты арманы болатын. Сол арманға қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізіп отыр. Аталмыш оқу орны жариялаған байқауға еліміз бойынша 56 үміткер қатысқан. Өзін сценарист, оператор және режиссер ретінде танытқан Камиланың еңбегі бағаланып, 10 жеңімпаздың қатарынан көрініп, грант ұтып алды.   
Айтолқын Айқадамова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓