Жастарға жұмыс керек

жумыс«Нұр Отан» партиясы ҚОФ-ның кезекті қоғамдық қабылдауы жастар саясаты, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау тақырыптарына арналды. Партиялық қабылдауға жазылған азаматтардың дені жұмыссыз жүрген жастар.
Қостанай қаласының тұрғыны Михаил Бойко әріптестерімен бірге  балаларға арналған зоологиялық клуб ұйымдастырғысы келетінін айтты. Ол үшін арнайы нысан керек. 
-Жастардың дені оқудан тыс уақытта бос жүреді. Балалардың баратын жері жоқ. Мінекей, сондықтан зоологиялық клуб ашуды қалаймыз. Жан-жануарлардың көрмесін, цирк студиясын ұйымдастырып, өлкетану бойынша дәріс бергіміз келеді. Оқушылардың дені С.Баймағамбетовтың кім екенін білмейді. Сондықтан балаларға арналған клуб ашу орынды. Бірақ оған арнайы нысан мен қаражат керек,-деді Михаил Бойко.
Арызданушы азамат зооклубты Баймағамбетов көшесіндегі тұрғын үйдің жертөле қабатында ашқысы келеді. Бос жатқан жертөлені бір кәдеге жаратсам деген ойы бар. Алайда, аталған нысанның кімнің меншігінде екенін білмейді. М.Бойконың өтінішін тыңдаған облыстық мәслихаттың депутаты Екатерина Смышляева нысанның иесін анықтауға көмектесетін болды. Ал «ГрИн» азаматтық альянсы» ҚҚ төрайымы Динара Өтебаева М.Бойкоға қоғамдық бірлестік ашу және тіркеу туралы кеңес бермек.
Қоғамдық қабылдауға жазылған Валентина Петрова үш жылдан бері жұмыссыз жүр екен. Оның заңгер мамандығы бойынша дипломы бар. Жоғары білімді маман кез келген жұмысқа дайынмын деді. Себебі күнкөріс керек. 
Партиялық қабылдаудың басқа да  қатысушылары жұмыс сұрай келіпті. Бір айта кетерлігі, жұмыссыз жастардың дені заңгер мамандығы бойынша оқу бітірген. 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

1 Response

  1. Қолқоюсыз айтты:

    Мен жастарга катысты маглумат аламын деп ойлап едим… Ойымнан шыкпады!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓