Ертең жылап оянам

(эксперимент)
Күн кінәлі – гүлімнен соңғы шық тамады,
Бұлбұл әні – бүлінген
                              (ол да ұшып қонады).
Құрғыр, әлі тұнықтан қанып ішпедім ғой:
Шөл қысып барады…
 
Бүлкіл қақты жүрек кіл,
                               жол алмай құлдықтан,
Мұң тұрпатты тілек тұл,
                               көп аңдайтын құттан.
Шіркін, тәтті екен ғой тек артта қалған күн,
Оралмайтындықтан…
 
Сан аптабын сынақ қып сағым алақаны,
Таратты әлім (жырақтық бағына ма, пәлі).
Қанаттарым боп тұрып,
                             ұша алмайтындығым –
Жаныма батады…
 
Көк төсінен жоқ көмек –
                              бағым гүлденбейді…
Жетті осымен!
Өкпелеп, зәбір кім көрмейді?!
Кетпеші, мен сонда да қимаймын сені әлі:
Сағынғым келмейді…
Ертең жылап оянам…
Жандос ЖҮСІПБЕК.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓