Сұраңыз, жауап береміз
Тіркеуден шығу үшін қандай құжаттар қажет?
Тіркелген тұрғылықты мекенжайымнан шығып, Астана қаласына тіркелейін деп едім. Тіркеуден шығу үшін қандай құжаттар қажет?
Нұрболат
ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ,
Қостанай қаласы.
Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының мәліметінше, тұрғылықты мекенжайдан тіркеуден шығу кезінде жеке басты куәландыратын құжат, тіркеуден шығару туралы өтініш және әскери міндеттілер үшін әскери есептен шыққаны туралы белгі қой-ылған билет талап етіледі. 16 жасқа дейінгі балалар туу туралы куәлігін ұсынуы керек. Тіркеуден шығушы азаматтар мекенжайдан кету парағының үш данасын толтырады. Кету парағы мен тұрғындарды тіркеу кітабына белгі қойылады.
Пилоттық жоба қолданыста
Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап судьяның қатысуымен өтетін бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) Азаматтық сот өндірісіне енгізудің пилоттық жобасы іске асырылуда.
Аталған пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже Қазақстан Республикасы Жо-ғарғы Соты төрағасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 92 өкімімен бекітілді. Облыс орталықтарында орналасқан жалпы сот қарауына жататын азаматтық істерді қарауға мамандандырылған аудандық (қалалық) соттар, сондай-ақ, облыстық және оған теңестірілген соттардың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқалары пилоттық жобаға қатысушылар болып табылады.