6 мың тонна арақпен ұсталды
Қазақстан-Ресей шекарасынан 6 тоннадан артық алкоголь өнімдерін алып өтпек болған бірнеше заң бұзушылық фактілер анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.Ведомство ақпаратына сәйкес, Қостанайдағы «Қайрақ авто» өткізу бекетінде Ресейден Қазақстанға өтіп бара жатқан «ВАЗ 2110» көлігіндегі 36 жастағы қазақстандық ұсталды. Тексеріс барысында оның автомобилінен 200 литр арақ табылды (400 шиша, 0,5 литрден). Сонымен қатар «Мерседес» жүк көлігін мінген қазақстандық азамат ешқандай рұқсат қағазсыз мемлекеттік шекарадан 5,1 мың литрден астам арақ өткізбек болған кезде қолға түсті.
«Сайхин авто» өткізу бекетінде «УАЗ» автомобилімен Ресейге өтіп бара жатқан қазақстандық 41 жастағы азаматтың көлігінен 1680 бөтелке арақ пен 120 бөтелке коньяк табылды. Шекара тәртібін бұзушылардың барлығы алкоголь өнімдерін ешқандай рұқсат құжатсыз өткізбек болған.