“Телефон лаңкестерінің” әзілі әлекке салды

IMG_5078Жарылғыш заттың қойылғанын айтып хабарласатын "телефон террористері" қазір ешкімге таңсық емес. Қоғамдық орындардағы жұртты дүрліктіріп лаңкестік туралы хабарлау еріккеннің ермегі секілді. Жақында ғана Қостанай қаласы теміржол вокзалына жарылғыш  зат қойылды деген хабар бүкіл шаһарды шулатты.
Одан бөлек, жарылғыш заттың бар-жоқтығын анықтау үшін қаншама төтенше жағдай, полиция, жедел жәрдем қызметкерлерінің өзге жұмысты ысырып қойып, осы іспен айналысатынына мән бермейтіндер көп. Ал, сол үшін мемлекеттен бөлінетін қыруар қаржының есебін кім толтырмақ? Тіпті, түрмеде отырып та сырттағы жұртты әбі-герге салатындардың артуы азаматтардың жауапкершілігін көтеріп, жалған ақпарат таратушыларға деген жазаны қатайту керектігін дәлелдейді. Осыған орай, прокуратура қызметкерлері тарапынан қаладағы білім ошақтарына, орта және жоғары оқу орындарына барып  жастармен кездесу, оларға лаңкестіктің, терроризмнің, жарылғыш зат туралы жалған хабар берудің зияны, залалы туралы дәрістер оқылып тұрады. Облыстық прокуратураның өкілі Н.Әбдрахманов мұндай қателікке орын бермеу үшін жас- тарға заңға сәйкес "телефон лаңкестеріне" берілетін жаза, айыппұл көлемі түсіндіріліп, оқыс оқиғаның алдын алуға қадамдар жасалуда. Жалпы, еліміздің кез келген азаматы мұндай қылмыстың ашылмай қалмайтынын, ешбір куәгерсіз, автоматтан қоңырау шалса да күдіктіні іздеп табу соншалықты қиын еместігін түсінулері керек. Қазір техниканың, заманауи құ- рылғылардың дамыған кезі. Және ата-ана, ұстаздар да балаларының ойнап от баспауы үшін мүдделі болса дейміз.
СУРЕТТЕ: Облысымызға келген ҚР ІІМ ақпараттық-насихат тобының кезекті кездесуінен кейін жас полицейлер осыдан елу жыл бұрынғы тәртіп сақшыларының формалары мен қолданған бұйымдары қойылған көрмені тамашалауда. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓