Абайлаңыз, мұз әлі жұқа!
Қазан айының екінші жартысынан ауа райының біршама суытуына байланысты өзен-көлдердің беті қата бастады. Дегенмен соңғы кездері күн жылымық болып тұр да, мұз беті еріп, сөгіліп жатыр. Сол себепті, тұрғындарға алдамшы мұз бетіне шықпауға кеңес береміз. Жалпы, қатқан мұздың беріктігін алдымен ойын балалары мен балықшылар байқайды. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметі қараша мен желтоқсан айларында мұз қабатының өте жұқа болатынын ескертеді. Сондықтан аяздың біржола түскеніне дейін мұз үстіне шығуға болмайды.
Қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келетінін естеріңізге салып, судың қатқанына әбден көз жеткізіп, қалыңдығы мен қаттылығын анықтау қажет. Әсіресе, балық аулаушыларға қауіпсіздік шараларын сақтауды еске саламыз. Мұз үстінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау – оқыс оқиғаға тап болмаудың басты жолы.
Төтенше жағдай туындағанда 112 телефонына хабарласыңыздар.
М.ЕҢСЕПБАЙ,
Қостанай облысы ТЖД суда құтқару қызметінің жетекші маманы.