Ірі жол-көлік апаты болды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағанындай, 18 ақпан күні таңертеңгі сағат 8-де "Қостанай-Қарабұтақ" автожолының 145-ші шақырымында ірі жол-көлік апаты болды.   
1988 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы "Хюндай Соларис" автокөлігімен келе жатып, рульге ие бола алмай, қозғалыстың қарсы бетіндегі "Даймлер Бенц" машинасымен соқтығысты.  Апаттың салдарынан "Хюндай Соларис" автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы, өзбекстандық үш азамат және қазақстандық бір азамат жарақаттары ауыр болып оқиға болған жерде жан тапсырды. Өзбекстанның тағы бір азаматы ауыр халде Денисов аудандық ауруханасына жеткізілді. "Даймлер Бенц" машинасының жүргізушісі мен бір жолаушысы әртүрлі дене жарақатын алды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓